KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да 35-41 градус ыстық күтіледі

Фото: egemen.kz

17.07.2023, 09:29 114

«Қазгидромет» РМК шілденің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

ШҚО-да 35-41 градус қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, шілденің 17-сі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз ШҚО-да 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив