KZ
Өскемен
+24°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да таулы жерде өрт шықты

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 16:37 139

ШҚО өрт сөндірушілері жетуі қиын таулы жерде тұтанған өртті сөндіріп жатыр.

16 шілдеде Поперечная ауылынан 10 шақырым жердегі Черно-Убинск орманшылығында орман жабыны өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД дерегінше, елді мекендерге қауіп жоқ. Қою түтін мен жетуі қиын жерде орналасуы өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Авиабөлімшенің МИ-8 тікұшағымен өрт ошағына өрт сөндірушілер жеткізілді.

17 шілдеде ШҚО авиабөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді. Барлау нәтижесі көрсеткендей, ашық жалын жоқ, жекелеген жерлерде тұтану тіркелген.

Өртті сөндіру үшін орман шаруашылығы мен ШҚО ТЖД бөлімшелерінің 72 қызметкері мен 4 техника, ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив