KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да табиғи өртті сөндіру жалғасып жатыр

Фото: Inbusiness.kz

5.07.2023, 23:45 325 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын  жерлерде өртеніп жатқан құрғақ шөп пен  бұталарды  сөндіру жалғасуда.

Қазіргі уақытта елді мекендерге еш қауіп жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

Өрт сөндіру жұмыстарын қалың, тұтаса өскен шөп,  тау, жартастар қиындатуда. Сол себепті де қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарына тікұшақтар кіріскен.

- Қазавиаорманқорғау МИ - 2 тікұшағымен өрт болған жерге аэровизуалды ұшып, тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта ашық жану байқалмайды,   жекелеген жерлерде түтін нүктелері бар. "Қазавиақұтқару" МИ-8, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 тікұшақтары су төгетін құрылғылардың көмегімен барлығы 120 рет су төгілді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілерден және жергілікті атқарушы органдардан 250-ден астам адам, 35 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның, ШҚО авиабөлімшесі, Қазавиаорманқорғаудың 5 тікұшағы жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив