KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Мұзтауға шықпақ болған саяхатшы аттан құлап, ауруханаға жеткізілді

Фото: gov.kz

23.07.2023, 09:40 201

Катонқарағай ауданында Мұзтау шыңына шығып бара жатқан әйел адам аттан құлап, жарақат алды.

Оқиға орнында қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйел Катонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

22 шілде күні құтқару бөлімшелерінің көмегімен, ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Катонқарағай ауданының дәрігерлеріМұзтау шыңындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып жеткен. 1996 жылы туған әйел тауға шығып бара жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, есінен танып қалған.

ШҚО ТЖД дерегінше, мамандар турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігі жабық сынғанын анықтаған. Мамандар қажетті алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін оны тікұшақпен Катонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды және таулы жерлерде абай болуды еске салады.

ТЖ туындаған кезде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив