KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 3 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Мас күйде көлік басқарған Глубокое тұрғыны анықталды – ШҚО

Фото: egemen.kz

27.07.2023, 15:24 231

24 шілдеде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының полицейлері Глубокое ауданында 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Ваз» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. ШҚО ПД мәлімдеуінше, сараптама нәтижесі  мастықтың жеңіл дәрежесін көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізбеу керектігін және Жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін  еске салады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу