ШҚО-да кәмелетке толмағандарға қатысты екі жүзден астам іс қаралды
Фото: top-fon.com
ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жартыжылдықты қорытындылады.
Сот төрағасы Сәния Тұтқанбаеваның айтуынша, алты ай ішінде былтырмен салыстырғанда сотқа түскен азаматтық істер саны, оның ішінде ата-ана құқығынан айыру және өндірілген алимент мөлшерін азайту жөніндегі талап-арыздардың саны көбейген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Жыл басталғалы жарты жыл ішінде 240 азаматтық іс қаралып, 132 іс бойынша шешім шығарылды. 60 іс бойынша тараптардың татуласуымен медиация келісімі бекітілген, – деді сот төрағасы.
Сот төрағасы алты айда қылмыстық істердің көбейіп, азаматтық істердің азайғанын атап өтті.