ШҚО полицейлері жоғалған балаларды 4 сағат ішінде тапты
Фото: egemen.kz
31 шілдеде сағат 19.40-та Өскемен қаласының тұрғыны «102» жедел арнасына жүгініп, 8 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлаған.
Дерекке сүйенсек, қаладағы "Комендантка" саябақ аймағында серуендеп жүрген бала сағат 17.00 шамасында белгісіз бағытқа кеткен көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кейін қыз баланың туысымен бірге жүргені және ата-анасының рұқсатынсыз саябаққа жақын жерде тұратын сыныптасының үйіне кеткені белгілі болған. Ары қарай қыз бала сыныптасымен кездесіп, екеуі қала аралауды жалғастырған.
Осы уақытта туыстары, полицейлер мен іздеу жұмысына көмектескен өзге де адамдар балаларды іздеген. Біраз уақыттан кейін екеуі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірге қарай кетіп бара жатқаны Қазақстан көшесінің бойындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Полицейлер балаларды дереу полиция бөліміне апарып, туыстарына қайтарған.