ШҚО-да өрт қаупі басылмай тұр
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да орман және дала өрті аймақ билігінің бақылауына алынған.
ШҚО ТЖД дерегінше, күн райына байланысты өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына өрт қаупі пен қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауды ескертеді.
Дерек бойынша, Ұлан ауданының Асубұлақ ауылынан 30 шақырым жердегі Смолянка ауылының шетінде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Болжам бойынша, өрт аумағы 5 гектарға жеткен. Смолянка елді мекеніне қауіп төнген. ШҚО ТЖД мәліметінше, қазіргі таңда қауіп жойылды.
Таулы аймақ өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түскен. Оқиға орнында ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығының қызметкерлері жүр. Өрт сөндіруге 63 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылған.
Өрт басталған 6 шілде күні шамамен сағат 16.00 кезінде Өскемен қаласынан 50 тонналық цистерналы пойыз оқиға орнына қарай жолға шыққан. Пойызда 10 қызметкер бар.