Ұлан ауданындағы өрт оқшауланды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ ауылынан 30 шақырым жердегі Смолянка елді мекенінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
ШҚО ТЖД болжамы бойынша, өрт аумағы шамамен 9 гектарды құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жетуі қиын таулы жердегі өртті сөндіру үшін өрт сөндіру пойызы қолданылды.
Құтқарушылардың, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, орманшылық қызметкерлерінің, "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. "Қазавиорманқорғаудың" МИ-2 тікұшағы өрт сөндіруші десанттарды өрт аймағына жеткізді. Жеке құрамның 71 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өрт сөндіру пойызының 10 қызметкері қатысты.
ШҚО ТЖД өрт қаупінің жоғары деңгейінің әлі алынбағанын еске салады.