ШҚО-ның үш ауданында өрт қаупінің жоғары дәрежесі жарияланды
Фото: egemen.kz
ШҚО-да қалыптасқан ыстық күн райына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Қазіргі таңда Дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс аумағында жалпы ауданы 452,8 гектар болатын 50 орман өрті тіркелді. Сонымен қатар құрғақ шөп жануы бойынша аумағы 467,5 гектар болатын 36 дерек тіркелген.
Аймақта өрттің алдын алу мақсатында орманшылардан, ШҚО ТЖД қызметкерлерінен, полиция, ЖАО қызметкерлерінен құралған 46 мобильді топ жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Үлкен Нарын, Самар және Күршім ауданында өрт қаупінің ең жоғары 5–дәрежесі жарияланған.
Облыс аумағында аймақ әкімінің “Өрт қаупі жоғары кезеңде ШҚО мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы" қаулысы жарияланған.
ШҚО ТЖД дерегінше, өртке қарсы қатаң режимнің қолданылу кезеңінде орман қорына баруға тыйым салынады.
ШҚО ТЖД мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау дерегіүшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Өрт тұтанғанда "101" және "112" телефон нөміріне хабарлау қажет.