KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Түтін арасында қалған екі тұрғын ауруханаға жатқызылды – Шемонаиха

Фото: gov.kz

14.08.2023, 11:21 189

Шемонаиха қаласында пешке қойған тамақ тұтанып, қою түтіннің әсерінен егде жастағы екі адам зардап шекті.

Шемонаиха қаласындағы Новосельская көшесінің тұрғыны көрші үйден қою түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына жеткен 28-ӨСБ қызметкерлері үйдегі үш адамға арнайы бас киім кигізіп, сыртқа шығарған. Оның ішінде, бір азаматты мамандар терезе арқылы сыртқа шығарған.

1946 жылы және 1954 жылы туған егде жастағы екі тұрғын жергілікті ауруханаға жатқызылды.

ШҚО ТДЖ дерегіне сүйенсек, қою түтін шығуына пеш үстінде қалдырып кеткен тамақ себеп болған.

Өрт кезінде «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив