KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

70 жастағы азамат қыркүйектен бастап білім алады — ШҚО

Фото: egemen.kz

29.08.2023, 12:11 166

Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемесіндегі 70 жастағы сотталған азамат қыркүйектен бастап партаға отырып, білім алады.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 240 адам қыркүйекте алгебра, геометрия, физика сынды пәндерді оқиды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, №18 түзеу мекемесінде 49 оқушы бар. Оның ішінде ең кішісі — 20 жаста, ал ең егдесі — 70-те. Олардың барлығы орта білім туралы аттестат алғысы келеді.

Сотталғандардың бірі өмірінде бар болғаны 8 сыныпты аяқтағанын айтты. Қазір ол ауыр қылмыс істегені үшін жазасын өтеп жатыр. Бір жылын түрмеде өткізген ер адам енді 7 жылдан кейін бостандыққа шығады. Сол кезде қолында аттестат болғанын қалайды.

— Колонияға түсетіндердің көбі мектепті аяқтап үлгермеген. Сол үшін оларға осындай мүмкіндік жасалып отыр. Бұл сотталғандардың білім алып, ертең бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға оңай бейімделуіне мүмкіндік береді, - дейді аталған түзеу мекемесі бастығының орынбасары Қадірхан Хамзин.

Кейбір түрмелерде мектептерден бөлек колледждер де бар. Атап айтқанда, №№16, 17, 18 және 22-мекемелердегі азаматтар арнаулы білім ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив