Сотталған азаматтар заңды некеге тұрды – ШҚО

Фото: polisia.kz
ШҚО-дағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар заңды некеге тұрды.
Жас отбасылар ҚР ІІМ ТЖК №73 және №17 мекемелерінің қабырғасында некелерін қиған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кету керек, тергеу изоляторында немесе колонияда тіркелген заңды түрдегі некенің бостандықта тұрған некеден еш айырмашылығы жоқ. Тек ерлі-зайыптылардың бірі жазасын өтеп жатқанда бірге тұруға рұқсат етілмейді.
Белгілі болғандай, сотталғандардың бірі некелескен жарымен 5 жылдан бері таныс болған. Жас жұбайлардың айтуынша, екеуінің де бірінші некеден жолдары болмаған. Екі жыл азаматтық некеде тұрып, үйленуге жоспар құрған кезінде ер адам ұрлық жасап, 3 жылға сотталған көрінеді.