KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Сотталған 70-тен астам азамат орта білім туралы аттестат алды - ШҚО

16.06.2021, 14:17 203

Кешкі мектептің бірінің директоры түлектерді құттықтап, оларға көптен күткен аттестаттарды табыс етт, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОВ 156/6 түзеу мекемесінің жанындағы кешкі мектепті бітірген он бес сотталған адамға орта білім туралы аттестаттар табыс етілді. Сотталушылар жақын арада босатылатындықтан, олар үшін қорытынды мемлекеттік емтихан тапсыруды ұйымдастырды. Биыл облыс бойынша 70-ке жуық сотталушы оқуды аяқтады, олар тағдырдың қалауымен темір тордың арғы жағында білім алып шықты.

Мектеп мұғалімдері бір жарым жыл бойы қашықтықтан сабақ берді, бұл әрине білім беру процесіне өз қиындықтарын әкелді, бірақ соған қарамастан жүздеген сотталғандарға түзету жолына түсуге мүмкіндік берді.

Мектеп директоры Ақтау Жеңісханұлы Бексолтанов түлектерге жылы лебізін білдірді. Ол барлығына оқуын жалғастыруды, мамандық пен өмірде өз орнын табуды тіледі. Сондай-ақ, ол заңға бағынатын өмір салтын ұстануды және ешқашан бас бостандығынан айыру орындарына оралмауды тіледі.

Сотталғандар өздерінің мұғалімдеріне алғыс айтып, барлық тілектерді міндетті түрде орындайтынына сендірді.

- Айта кету керек, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам сотталған орта білім туралы аттестат алды. Ал облыс бойынша түзеу мекемелерінде 210-нан астам сотталған білім алады,-қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Жанболат Қалетаев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив