KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Инсульт алған науқастарға медициналық көмек көрсету жеңілдеді – Алтай

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

6.09.2023, 15:05 194

Алтай ауданында инсульт алған науқастарға көмек көрсету процесі жеңілдетілді. Ауданаралық аурухананың қарамағында инсульт орталығы қызмет көрсетеді. Енді тұрғындарға ем алу үшін Өскемен қаласына келудің қажеті жоқ.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда ауданаралық ауруханада КТ-дан кейін шұғыл көмек 30 минуттан кейін көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Инсульт уақыты ашылғанға дейін науқастарды Өскеменге жеткізу үшін 2,5 сағатқа дейін уақыт жұмсайтынбыз. Бүгінгі таңда инсульт алған науқасқа КТ-дан кейін шұғыл көмек көрсету уақыты – 30 минут. Аппарат тәулік бойы іске қосылып тұрады. Аталған диагностика тұрғындар үшін МӘМС аясында, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында да қолжетімді, – дейді Алтайдағы ауданаралық аурухананың өкілі.

Аурухананың бас дәрігері Олжас Нүрекенов атап өткендей, қаржыландыру жыл сайын артып отыр. Бұл бірнеше ауданның тұрғындары жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен тексеруден бір мезгілде өте алуы үшін істеліп отыр. Ал медициналық қызмет алатын азаматтардың саны 120 мыңға дейін артады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу