KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Алтай ауруханасына МРТ аппараты орнатылады

Фото: bangkokbook.ru

1.09.2023, 10:22 2 572 ALTAINEWS

Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан Алтай ауданының халқына медициналық қызмет көрсетуге шамамен 3,4 млрд теңге бөлінді. Соңғы жылдары алтайлық дәрігерлердің қандай жетістіктерге қол жеткізгені туралы журналистер облыс бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаевтың қатысуымен өткен баспасөз турында білді.

Аудан дәрігерлерінің өршіл жоспарлары көп. Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Олжас Нұрекеновтің айтуынша, медициналық ұйымның жарақтандырылуы пациенттерге шұғыл көмек қажет болғанда мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда науқастарға облыстық немесе республикалық маңызы бар медициналық мекемелерге жолдама беріп қажеті жоқ. Ангиографтың көмегімен коронарография, стент орнату процедуралары жасалады, аурухана дәрігерлері мамандандырылған медициналық көмектің тағы бір түрін – қуықасты безінің трансуретральды резекциясын сәтті енгізді. Болашақта ми аневризмаларының эмболизациясын қолға алмақ.

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 1 млрд теңгеден астам сомаға жаңа жабдықтармен жарақтандыру жоспарлануда, бұл халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Жаңа жылға қарай біз магнитті-резонанстық томографты (МРТ) сатып алмақпыз, қазір қымбат техниканы орнатуға арналған бөлмені дайындауды талқылау кезеңі жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде Алтай ауданының тұрғындарына, сонымен қатар Катонқарағай, Күршім аудандарының, Серебрянск қаласының, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындарына қызмет көрсету спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алтай ауданы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Олжас Нұрекенов.

Ауруханадағы инсульт орталығы инсультпен ауыратын науқастарға жедел медициналық көмек көрсетеді. Алтай ауданының тұрғыны Виктор Краснаустың орталықта жатқанына оныншы күн болды. Оны туыстары үйде, еденде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған, алайда бұған дейін оның денсаулығы жақсы болып, өздігінен қозғалып жүрген. Ер адамға ишемиялық инсульт диагнозы қойылды. Ол бүгінгі таңда оңалтудың бірінші кезеңін өтіп жүр. Қазір оның денсаулығы қалпына келіп қалды, емделу кезінде науқас қайта сөйлей бастады. Дәрігерлер 79 жастағы науқас жақын арада әдеттегі өміріне қайта оралатынына сенімді.

– Инсульт орталығы ашылғанға дейін пациенттерді Өскемен қаласына жеткізу уақыты 2,5 сағатқа дейін созылатын. Қазір инсульт кезінде шұғыл көмек көрсету КТ тексеруінен кейін 30 минуттың ішінде басталады. Аппарат тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындар үшін бұл диагностика МӘМС шеңберінде де, ТМККК желісі бойынша да шұғыл түрде қолжетімді, – деп атап өтті Алтай ауданаралық ауруханасының дәрігерлері.

Сонымен қатар медициналық ұйымның басшылығы мамандарды даярлауға да көп көңіл бөледі.

– Ауданаралық ауруханада жүргізілген жұмыстардың нәтижелері жұмыс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын едәуір арттыруға болатындығының айқын дәлелі бола алады. Бірнеше ауданның тұрғындары бірден жоғары мамандандырылған медициналық көмекке және медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес тексеруге қол жеткізуі үшін жыл сайын қаржыландыру көлемі өсіп келеді, қызмет көрсетілетін халықтың саны 120 мың адамға дейін артады, – деп толықтырды облыс бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.

 Кәмал Естай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив