ТЖД мамандары үйлерге датчик орнатуды бастады – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО ТЖД қызметкерлері пеш жағу маусымына дайындықты бастап кетті. Мамандар алдағы уақытта 3 мыңнан астам үйді аралап, тексеру жүргізеді.
Олар пешті тексеріп, өрттің алдын алуға қатысты ұсыныс айтып, олқылықтарды жоюға қатысты кеңес береді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта мамандар аталған үйлерге арнайы датчик орнатып жатыр. Датчиктер жергілікті атқарушы орган мен демеушілер қаражатына алынған.
– Күз-қыс мезгілі бастала бере өрт қауіпсіздігі мәселесі ерекше өзекті бола түседі. Өткен жылы Ұлан және Глубокое ауданында датчиктердің арқасында 8 адам уақтылы құтқарылды. Соңғы 4 жылда дабыл құрылғысының арқасында 37 адам құтқарылған, оның 28-і – бала, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
ТЖД баспасөз қызметі датчиктерді орнату облыстағы барлық аудандарда жүріп жатқанын хабарлады.
Оқи отырыңыз