Әкімдік улы газды анықтайтын 250 датчик алды – Алтай
Фото: gov.kz
Алтай ауданының әкімдігі әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын үйлерге орнату үшін улы газды анықтайтын 250 датчик сатып алды. Әкімдік бұл шараны аудандық ТЖ басқармасының қызметкерлерімен бірлесе ойластырған.
Дерекке сәйкес, дабылқаққыш пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері дұрыс орындалмаған жағдайларды, үй ішіне көміртегі тотығы жайылуын үздіксіз бақылайды. 2019 жылдан бері ауданда 920 құрылғы орнатылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ТЖБ қызметкерлері пешті қысқы кезеңге орай тексеру, дайындау шеңберінде көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қарт азаматтар, әлеуметтік қорғалмаған отбасылар тұратын үйлерге дабылқаққыш орнатады.