KZ
Өскемен
-6°
снег жел 5 м/с, В
516.85 537.68 5.26

ШҚО-да қарасора плантациясы жойылды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

11.09.2023, 16:11 226

Тәртіп сақшылары ШҚО ҰҚКД-мен және арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, 2,5 тоннадан астам жабайы қарасора өртеді.

«Қарасора-2023» іс-шарасының барысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтау мақсатында мамандар облыс аумағын тікұшақпен барлады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар, «Қарасора-2023» құрамында есірткі заты бар өсімдіктер өздігінен өсетін орындарды анықтауға бағытталған.

Шара барысында Зайсан ауданында «қарасора» тұқымдас өсімдігінің плантациясы жойылды. Ұзындығы 5 шақырымнан асатын плантациядағы өсімдік қаулап өсіп, биіктігі адам бойымен бірдей болған көрінеді.

ШҚО ПД дерегінше, аталған өсімдіктен «марихуана» және «гашиш» сынды есірткі түрлері алынады.

– «Қарасора-2023» профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаттарының бірі – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер заңсыз өсірілген  немесе өздігінен өскен аумақты анықтау және жою. Есірткі айналымына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тәркіленген есірткіні үнемі өртеп отырады. Оған комиссия мен жұртшылық қатысады, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.

Жыл басынан бері 90-нан астам есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде, тыйым салынған өсімдіктерді өсіру бойынша 11 дерек анықталған. Биыл заңсыз айналымнан 250 кг-дан астам есірткі тәркіленді, оның 5,5 килограмы – синтетикалық зат.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу