Тарбағатайда балықты заңсыз аулаған екі адам ұсталды
Фото: egemen.kz
Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері Зайсан көлінің жағалауында балықты заңсыз аулаған 45 және 40 жастағы екі ер адамды ұстады.
Оқиға орнын тексеру кезінде тәртіп сақшылары131, 2 кг көксерке, 14 кг алабұға және 2 кг табан балығын тәркіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығын 917 838 теңгені құрады.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, – деп жазылған ШҚО ПД хабарласында.
Оқи отырыңыз