Тарбағатайда заңсыз балық аулағандар ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Зайсан көлінің жағалауында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан екі ер адамды ұстады.
45 және 40 жастағы тұрғындарды тексеру барысында 131, 2 кг көксерке, 14 кг алабұға және 2 кг табан балығын тәркіленген. Келтірілген шығын көлемі 917 838 теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Күдіктілерге мүлкті тәркілей отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Оқи отырыңыз