KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 1,2 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғын ұсталды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

28.08.2023, 18:22 194

ШҚО-да тыйым салынған орында балық аулаған азамат анықталды.

ШҚО ПД дерегінше, тәртіп сақшылары Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінің балық аулауға тыйым салынған учаскесінің жағалауында балық аулаған 45 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған учаскеде жылдың 4 мезгілінде де балық аулауға болмайтын көрінеді. Ер адам «Учаске» жедел профилактикалық шарасының барысында ұсталған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын тексеру кезінде 127 келі балық, қолдануға тыйым салынған 3 моноталшықты тор және қайық тауып, тәркілеген.

ШҚО ПД аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив