ШҚО ПД басшылығы Президенттің Жолдауын түсіндіріп жатыр
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Мемлекет басшысының Жолдауын жеткізу мақсатында ШҚО ПД басшылығы аудандық полиция бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өткізіп жатыр.
ПД бастығының орынбасарлары Думан Қожахметов, Алмаз Төкенов және Рифхат Тауфиков қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дәлірек айтқанда, Өскемен қаласы ПБ, Зайсан АПБ, Тарбағатай АПБ, Ұлан
АПБ, Катон-қарағай АПБ, Глубокое АПБ, Шемонаиха АПБ және Алтай ауданы ПБ-да кездесу өткізді.
Кездесулерге ардагерлер кеңесі мен консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері қатысты.
Кездесуде құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі мен қылмыстың алдын алуға басты назар аударды, нақты және ауқымды мақсаттар мен міндеттер қойды.
ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков ШҚО ПД ЖҚАЖ жеке құрамымен жұмыс жүргізді. Онда тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері қаралды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жақын арада өзге де аудандық полиция бөлімдерінде өткізу жоспарланып отыр.