KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

ШҚО ПД бастығы Ұлан аудандық полиция бөліміне барды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

15.08.2023, 23:46 394

ШҚО бойынша полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды.

ПД бастығы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, өңір тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезекте, облыстың бас полицейі аумақтық бөлімшенің жаңа басшысы, полиция полковнигі Қуаныш Қонжановты таныстырды. Ол бұған дейін Самар аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Кездесу барысында Ерлан Омарбеков қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын атап өтті. Аталған құжатта қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегия, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру; профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін белгілеу; полиция жұмысының сервистік моделіне көшу бекітілетін болады. Осы шаралардың барлығы азаматтардың құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар кездесу барысында облыстың бас сақшысы Ұлан ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымбек Сағындықовқа, Айыртау ауылдық округінің қоғамдық көмекшісі Бекжан Әбдірахмановқа алғыс хат табыс етті. Кездесуді қорытындылай келе, ПД бастығы полицейлер арасында тәртіп пен заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына тоқталды.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив