KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Серікхан Нұртазин Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды

27.09.2023, 10:50 253

Серікхан Нұртазин арнайы тексерудің оң нәтижесін алғанға дейін ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бұл туралы бүгін ШҚО әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Серікхан Нұртазин Аягөз қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасында бастаған.

Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алған.

Ол Мәскеудегі Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Халықаралық экономикалық ынтымақтастық» мамандығы бойынша бітіріп, кейін магистратурадағы оқуын үздік аяқтады.

Мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар. Оның ішінде Туризм басқармасында бөлім басшысы лауазымын, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған, сонымен қатар орталық органдарда қызмет еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив