KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ШҚО әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары тағайындалды

10.03.2020, 04:59 227

ШҚО әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары болып Шәкәрім Бұқтұғұтов тағайындалды.

Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы 1961 жылы 8 наурызда Көкшетау қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
ЖОО-нын аяқтаған соң еңбек жолын «Өскеменқамту» басқармасында слесарь, кейіннен бас механик ретінде бастаған. Облыстың қамту, сату және толайым сауда жүйесінде басшылық қызметтерде еңбек етті.

Бес жыл бойы «Востокпром», Сусындар шығару жөніндегі Шығыс Қазақстан өндірістік бірлестігі, «Әділ» АҚ сияқты өндірістік кәсіпорындарды басқарды.

1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2002 жылға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2006 жылдары – Риддер қаласының әкімі болып қызмет етті.
2006-2007 жылдары Қазақстан Рсепубликасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының басшылығында болды.
2007-2008 жылдары Өскемен қаласы әкімінің лауазымында жұмыс істеді.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалған.

Бұған дейін 2015-2020 жылдары «ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аймақтық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив