KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Әлихан Смайылов Өскемендегі гематологиялық орталықтың құрылысымен танысты

Фото: primeminister.kz

6.10.2023, 19:55 264 Мадина Амангелдіқызы

Аймағымызда Қазақстандағы жалғыз гематологиялық орталықтың құрылысы әлі жалғасып жатыр.

Бұл жоба қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының диагностикасы мен ем-шарасын жоғары деңгейге шығаруды, яғни елімізде медициналық көмек көрсетудің сапасын айтарлықтай арттыруды көздейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жоғары технологиялық көп салалы медициналық орталық бірнеше бағытта жұмыс істейді: гематология, кардиохирургия және соматикалық аурулар. Бірегей жабдықтар мен біліктілігі жоғары мамандары бар заманауи гематологиялық орталықтың бірнеше корпусы болады деп ойластырылған.
Бас ғимаратта химиотерапияның күндізгі стационары, балалар стационары, соматика бөлімі, ересектерге арналған гематология бөлімі, кардиология және кардиохирургия бөлімі, сондай-ақ жілік майын трансплантациялау және консультативтік-диагностикалық бөлім орналасады. 

-    Алты айдың қорытындысы бойынша, аймақта өткен жылмен салыстырғанда қанайналым жүйесі мен қатерлі ісік ауруларының көбейгені байқалады, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев. – Гематология орталығын ашу аса қажет болып тұр. Бұл орталық әлемдік стандарттарға сай етіп құрылады, оның молекула-биологиялық, генетикалық зертханалары, дің жасушаларын жасанды жағдайда өсіретін зертханасы болады. Бұл халыққа диагностикадан бастап оңалтуға дейін кешенді қызмет алуға мүмкіндік береді. 

Орталық 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. 
Премьер-Министр құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп, танысып шықты.

-    Нысан келесі жылы өткізілсін деген міндет қоямыз, - деді Әлихан Смайылов. – Бұл орталықтың аймақ үшін маңызы зор. Шығыс Қазақстан облысында қатерлі есік және қанайналым жүйесі ауруларына шалдыққандар көбейген. Мұнда диагностикалық қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. 

Сонымен қатар облыста ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша Ұлттық жоба аясында үш жыл ішінде 36 нысан салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу