KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, В
527.3 544.86 4.95

Самарда тау-кен өнеркәсібі өнімінің құны 3,3 млн теңгені құрады

Фото: egemen.kz

9.10.2023, 10:50 191

Самар ауданында құны шамамен 4 млрд теңге болатын өнеркәсіп өнінімдері өндірілген.

Дәлірек айтқанда, тау-кен өнеркәсібінде 3,3 млн теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 500 млн теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Қойтас ауылының маңында орналасқан Сәтбаев кен байыту кәсіпорнында бүгінгі таңда темір рудасын өндіретін екінші фабрика іске қосылып, тағы 70 адам жұмыс істеп жатыр. Мұнда барлығы 265 адам жұмыс істеп жатыр.

Ал өңдеу өнеркәсібінде «Дигам» және «Кузмич» кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Онда бір жылда өндірілетін 16 тонна шикізаттан 500 млн теңге түсіп отыр. Аталған екі кәсіпорынның өнімдері Чехия, Германия, Дания сынды мемлекеттерге экспортталады.

Ал «Мәмбет» шаруа қожалығы аудандағы дүкендер мен көршілес аудандарға нан өнімін жеткізіп беріп отыр. Бұл жерде бір жылда 3600 тонна ұн өндіріледі.

                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу