KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жер қойнауын пайдаланатындардан бюджетке 70 млн теңге түсті – ШҚО

Фото: egemen.kz

17.10.2023, 10:34 165

Жыл басынан бері бюджетке жер қойнауын пайдаланған тұлғалардан 70 млн теңге төлем түскен.

Бұл туралы ШҚО прокуратурасындағы Үйлестіру кеңесінде айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыста пайдалы қазба мен барланған кен орнының үлкен қоры шоғырланған.

– Бүгінгі таңда облыста қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 300-ден астам учаске берілген. Соңғы жылдары жер қойнауын барлауға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Егер 2022 жылы пайдалы қазба іздеушілердің саны 50-ден аспаса, биыл олардың саны 70-ке жуық, – деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

Биыл жер қойнауын пайдаланушылардан бюджетке 70 млн теңге түскен.

– Жыл басынан бері прокуратура үйлестіріп, уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде бюджетке тұлғалардан жер қойнауын пайдаланғаны үшін 70 млн теңге төлем түсті, 17 келісімшарт пен лицензия бұзылып, кері қайтарылды, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды кері қайтарып алу туралы 10 заңсыз хабарлама кері қайтарылды, – дейді прокуратура.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив