Риддерді орташа қысымды үш қазандық жылумен толық қамтамасыз етіп отыр
Өткен аптада Риддер ЖЭО-да №2 қазандық іске қосылды.
ЖЭО-дағы жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарының саны осымен үшке жетті. Қаланы жылумен қамту үшін жылу көлемі жеткілікті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Барлық жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазановтың айтуынша, қазір жоғары қысымды қазандықтарды іске қосу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Олар 15 қарашаға дейін іске қосылмақ.
Ғимаратты жөндеу бойынша басқа да қалпына келтіру және құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ қалды. Апаттық учаскелердің барлығы қалпына келтірілген.
Қазір ЖЭО-да 11 мың тоннадан астам көмір және 120 тонна мазут бар.