ШҚТУ-да Вера Сухорукова атындағы аудитория ашылды
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Вера Сухорукова атындағы аудитория ашылды. Ол - 2000-шы жылдардың басында Өскемен қаласының әкімі болып, өңірдің дамуына зор үлес қосқан қоғам және мемлекет қайраткері, ШҚТУ-дың түлегі.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев, университет ректоры Сәуле Рахметуллина қатысып, жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Арнайы аудиторияда студенттер жобалық менеджментті, нақты іс-әрекет жоспарын жасауды, командада жауапкершілікті тиімді бөлуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды және үздік нәтижелерге қол жеткізуді үйренеді.
Жоба авторы – Өскемен қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы және Вера Николаевнаның жақын құрбысы Татьяна Цветкова.
Аудиторияның ерекшелігі - шағын топтармен жұмыс істеу үшін жеңіл түрленетін арнаулы модульдік жиһаз, интерактивтік панель, сондай-ақ ол арқылы тапсырмаларды бөлуге және үдерістерді оңтайландыруға болатын арнаулы үш түсті, үлкен канбан-тақта.
Вера Сухорукова туралы, оның өмірбаянының негізгі тұстарын қамтитын, сондай-ақ сканерлеу арқылы қосымша ақпаратты табуға болатын QR-кодтар орналастырылған түрлі-түсті стенд - жаңа студияның басты ерекшелігі.
Жаңа білім беру аудиториясын ашу «Казцинк» компаниясының қолдауымен жүзеге асты.
Автор: Айжанат Бақытқызы