KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бронх демікпесі диагнозы қойылған жасөспірімдердің өлімінің себебі талқыланды

Шартты сурет: egemen.kz

27.10.2023, 12:38 187

Облыстық әкімдікте бронх демікпесі диагнозы қойылған жасөспірімдердің өліміне себеп болған жағдай талқыланды.

Облыста ата-аналар мен жасөспірімдердің арасында, білім беру ұйымдарында ақпараттандыру жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, электрондық темекі мен вейпті пайдаланудың алдын алуға қатысты шара қабылдау да қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Облыстағы экологиялық ахуалды ескере отырып тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға ерекше көңіл бөлу қажет. Жасөспірімдер арасында вейп пен кальян тарту кең етек алуы Үкіметтік деңгейде талқыланып жатыр. Қалалар мен елді мекендердегі медициналық қызметкерлер ауа жетпей, тұншығу кезінде қалай көмек көрсету қажет екенін білуі тиіс. Өлімге әкелген соңғы екі жағдайды мұқият тексеру қажет, — деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаевтың сөзіне сенсек, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта өңірдегі жалпы тәжірибелік дәрігерлер және пульмонологтармен жұмыс жүргізіледі.

                

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу