Жасөспірімдер арасында вейптің таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар талқыланды – ШҚО
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Жасөспірімдер арасында вейп пен электронды темекіні пайдаланудың алдын алу» семинары өтті. Шара «Вейпсіз жастық» жобасының аясында өтті.
Семинарда құрамында никотин бар заттардың 21 жасқа дейінгі жастар арасында таралуына жол бермеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД жанындағы ККО төрағасы, жобаның аймақтағы үйлестірушісі Қуат Рахымбердин Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйеніп, соңғы екі жылда елдегі вейп айналымы 300 есеге өскенін мәлімдеді. Сонымен қатар Өскеменнің интерактивті картасынан 56 вейп дүкенін белгілеп, көрсеткен.