KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
522.19 606.42 6.47

Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Күршім ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр

1.11.2023, 18:31 994

Бүгін кешке Күршім ауданы, Күршім ауылының Мәдениет үйінде еліміздің экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

– Ағымдағы жылдың шілдесінде министрлік өкілдері Маралды ауылына барып, тұрғындармен кездескен. Халықтың алтын өндірісіне қатысты көтерген мәселелері бойынша тиісті комиссия құрылып, барлық мәселе егжей-тегжейлі тексерілді. Соның нәтижесімен таныстырып өтейін. Алтын барлау аумағы ауыл шекарасынан 1008 метр қашықтықта, өндіру фабрикасы орны 1235 метр қашықтықта орналасқан. Яғни, бәрі заң шеңберінде. Сонымен қатар ауылдың шекарасы өзгерген жоқ. «ВСАМ Продакшн» ЖШС-не берілген учаске ауыл аумағына жатпайды. Сондай-ақ ашық карьер үшін учаске рәсімдеу, жер беру бойынша аукционды өткізу барысында да заңсыздықтар болмаған. Еуразия ұлттық университетінің сараптамасына сай цианидті қолданып, алтынды шаймалау технологиясы экология тұрғысынан ең оңтайлы болып таңдалды. Фабриканы пайдалану аяқталған соң бос жыныстар түрінде пайда болған қалдықтар залалсыздандырылады. Бейтараптану мерзімі – 6 айдан 1 жылға дейін, – деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан.

Оның айтуынша, егер Маралды тұрғындары өндіріс орнын ашуға рұқсат берсе, инвестор жыл сайын жергілікті тұрғындарға көмек көрсететін болады. Мысалы, жеті жыл бойы тегін көмір беріледі. Ал бес жыл бойы ақшалай жәрдем беріледі. 300-дей жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестор өз қаржыларына көпірді жөндеп, ауыл жолдарын (5 км) асфальттайды және мектеп түлектерін оқытуды да өз мойндарына алмақ.

Кездесуде Маралды тұрғындарымен пікір алмасу болды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет  Сақтағанов 2 миллион теңге ғана салық түскенін, Маралдыда алтын өндіретін зауыт салынса, елге мол қаржы, инвестиция құйылатынын айтып өтті.

Өз кезегінде аудан әкімі Алмат Талғатұлы Маралды ауылының тұрғындарымен 18 рет, ал облыс әкімдігінің өкілдері 8 рет кездесу өткізгенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу