KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, СБ
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да Зайсан көлінен балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

3.11.2023, 11:57 373

Зайсан көлінен балықты заңсыз аулаған адам ұсталды. Күршім ауданының тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-процилактикалық шарасының барысында 50 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған.

Келтірілген шығыны 500 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Оқиға орнынан 120 килограмнан астам көксерке, қарақұйрық, алабұға сияқты балық түрлері және қайық пен мотор табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу