KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
509.94 593.88 6.43

Заңсыз түрде балық аулаған ауыл тұрғыны ұсталды – ШҚО

15.10.2020, 08:36 721

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны заңсыз түрде балық аулағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ көлемінде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бүгін шараның екінші күні. Көкпекті ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Зайсан көлінен заңсыз түрде балық аулап жүрген Тассай ауылының тұрғынын ұстады.

- Ауыл тұрғынынан 500 метрлік ау, резеңке қайық және 80 келіден астам балық тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі – 304 мың теңге. Айыпты азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлімі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу