KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Қауіпті белгіге жақын: Шығыстағы елді мекендерді су басуы мүмкін

2.11.2023, 10:35 176 Оразай Жеңісұлы

Шығыста жауын-шашын толастар емес. Күзгі жаңбыр бүгін жылбысқы қарға ұласты. «Қазгидрометтің» өңірлік филиалындағы мамандар су деңгейінің сәт сайын көтеріліп келе жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар қауіпті белгіден асуға жақын тұрған өзендерді атады:

Үлбі өзені – Үлбі ауылының маңында су деңгейі 1 қарашада 275 см болды, қауіпті деңгей – 380 см;

Бұқтырма өзені – Лесная Пристань ауылының маңында су деңгейі – 474 см, қауіпті деңгейі – 530 см;

Уба өзені – Шемонаиха қаласында су деңгейі – 303 см, қауіпті деңгей – 430 см.

«Су деңгейі қауіпті белгіден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы ықтимал», - деп жазылған синоптиктер хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив