ШҚО-да рұқсат қағазы жоқ бола тұра аң аулаған азамат ұсталды
Фото: gov.kz
ШҚО-да рұқсат қағазы жоқ бола тұра аң аулаған азамат ұсталды.
Самар ауданының полиция қызметкерлері Самар ауылының шыға берісін патрульдеу кезінде «Nissan» көлігін жүргізген жүргізушіні тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері аталған аумақта «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасын өткізіп жүрген.
49 жастағы азаматтың көлігің салонын тексерген тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің етін байқаған. ШҚО ПД дерегінше, шығынның көлемі 1 миллион теңгеден асады.
— Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды, — деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз