KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да елік атып, 2,4 млн теңге шығын келтірген адам ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

2.11.2023, 13:23 156

Алтай ауданының полицейлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Шығын 2,4 млн теңге деп бағаланған.

"Браконьер" жедел-профилактикалық шарасының барысында Алтай қаласының шыға берісін патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары "ВАЗ-2121"маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— 66 жастағы ер адамның көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің етін байқаған. Табиғатқа келген шығын 2,4 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар, күдіктінің көлігінен "ТОЗ"маркалы мылтық тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды, — деп жазылған ШҚО ПД-ның хабарламасында.
                                                                    


  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив