KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да 125 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмек алады 

11.11.2023, 12:00 241 Назерке Каримова

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және стратегиялық даму бөлімінің бас маманы Еркін Семейханов айтты. 

Бүгінгі күні өңір бойынша диспансерлік есепте 201 140 адам тұрса, оның ішінде 181 761 ересектер, 19 379 бала. Белгілі бір аурулармен аурынатын 125 357 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

- Диспансерлік пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар жалпы сомасы 12,33 млрд теңгеге өтінім берді. Оның ішінде ТМКБК шеңберінде 12,121 млрд теңге, МӘМС 0,197 млрд теңге, - деді Еркін Семейханов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы 10,2 млрд теңгеге 823 049 рецепт жазылды. Бір пациентке орта есеппен 6 рецепт тағайындалды. Дәрілік терапияның орташа құны 75,5 мың теңгені құрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив