KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

ШҚО-дағы пациенттерге емделу үшін Астанаға немесе Алматыға барудың қажеті жоқ

17.11.2023, 18:46 348 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өңірде медицина саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. 
Вице-министр бірқатар медициналық мекемелерді аралап, ақ халаттылардың өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы бүкіл өңір тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Жыл сайын стационарда 10-11 мың пациент көмек алады. Диагностикалық орталыққа 250 мыңға жуық адам жүгінеді, - деді аурухананың бас дәрігері Буран Бүркітов.

Айта кету керек, онда жоғары технологиялық көмектің 111 түрі көрсетіледі. 

- Біздің әлеуетіміз әлдеқайда жоғары деп айта аламын. Бізде білікті мамандар да, заманауи жабдықтар да жеткілікті. Үздік шетелдік клиникаларда біліктілікті арттыру курстарынан 30-ға жуық маман өтті. Сондықтан әлеуетіміз әлдеқайда жоғары деп айта аламын. Алайда барлық мәселе қаражатқа келіп тіреледі, - деп атап өтті бас дәрігер.

Вице-министр өз кезегінде, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жеткілікті көңіл бөлетінін айтты.

- Мұндағы пациенттерге емделу үшін Астанаға немесе Алматыға барудың қажеті жоқ. Себебі өңірдегі медициналық мекемелерде барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар мен шетелде білім алып келген дәрігерлер оған дәлел бола алады, - деді Вячеслав Дудник.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу