KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменге кеншілер қаласынан жәрмеңке келді

18.11.2023, 10:30 251 Қызырбек Дүргінбайұлы

Облыс орталығында Риддер қаласының жәрмеңкесі өтіп жатыр.  

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында жалғасын тапқан жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағада саудаланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, кәсіпкерлердің ауылшаруашылық бағытындағы өнімдерімен танысып қайтты. 

- Біздің кәсіпкерлер 7 тоннадан астам ет, 2 тонна сүт өнімдерін, балдың түрлі сорттары және жеміс-көкөніс өнімдерін әкелді. Жәрмеңкеге келген жұртқа азық-түлік өнімдерін арзан бағада саудаланып жатыр, - деді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Нұрбақытұлы.


Жәрмеңке аясында Риддер қаласының өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, базарлай келген жұртты әуезді әнмен қарсы алды.


- Жәрмеңкеге үнемі келемін. Өйткені азық-түлік өнімдері базар бағасына қарағанда арзанға сатылады. Табиғи өнімдер де көп келеді. Бүгін сары май мен құрт алдым. Балдың да түрі көп екен, - дейді қала тұрғыны Жәмила Бақытова.


Осылайша кеншілер қаласынан келген жәрмеңкеден қала тұрғындары тиімді бағада азық-түлік өнімдерін алып қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу