KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

Аманжолов университеті халықаралық рейтингте үздік оқу орындарының қатарына кірді

Фото: Аманжолов университетінің баспасөз қызметі

21.11.2023, 20:00 1 856 Мадина Амангелдіқызы

QS Asia University Rankings 2024 аймақтық рейтингі жарияланды.

ШҚО-дағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ әлемдегі үздік оқу орындарының қатарына кірді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- QS ASIA University Rankings халықаралық рейтингінде Аманжолов университеті топ-500-ге кірді. Осылайша көрсеткішін жақсартып, лайықты орынға орнықты. Университет Қытай, Сингапур, Малайзия және Оңтүстік Кореяның үздік университеттерімен үзеңгілес екенін атап өткен жөн, - делінген баспасөз хабарламасында.

2024 жыл рейтингін жасау кезінде пайдаланылған негізгі көрсеткіштер: академиялық бедел және жұмыс берушілер беделі, профессор-оқытушылар құрамы мен докторлық дәрежесі бар қызметкерлердің саны және шетелдік студенттердің пайызы.

Орталық Азия кеңістігіндегі университеттер арасында QS Top Universities Rankings рейтінгінде Аманжолов университеті 24-ші орында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу