ШҚО-да Прокуратура қызметкерлерінің арасында волейбол жарысы өтті
Фото: gov.kz
ШҚО-да Прокуратура қызметкерлерінің арасында волейболдан өңірлік турнир өтті. Прокуратура органдарының құрылған күніне орай ұйымдастырылған жарыста Бас прокурордың кубогі сарапқа салынды.
Жарысқа қатысу үшін Абай, Жетісу, Павлодар, Қарағанды облыстарынан әйелдер мен ерлер құрамасы жиналды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жарыстың нәтижесі бойынша, әйелдер арасында ШҚО командасы жеңіске жетті. Ерлер арасында 1-орынды ШҚО командасы, 2-орынды Павлодар облысының командасы, 3-орынды Қарағанды облысының командасы алды.
Жеңімпаздарға кубок, медаль мен облыстың Бас прокурорының алғыс хаты табысталған. Сонысен қатар, «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік қорғаушы» номинациясының иегері анықталды.