KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Құқық қорғаушылар арасында волейбол жарысы өтті — ШҚО

Фото: Өскемен қаласы ПБ парақшасынан алынды

30.08.2023, 14:49 216

Конституция күніне орай "Динамо" спорт кешенінде құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің арасында волейбол жарысы өтті.
Жарысқа 7 команда қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денешынықтыру дайындығын жетілдіру. Волейбол  қызметкерлерді біріктіретін ұжымдық ойын,  деді ШҚО ПД кадр саясаты бөлімі бастығының орынбасары Ержан Кәрімов.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды ШҚО ПД, 2-орынды ШҚО бойынша ҰҚКД, 3-орынды Өскемен қаласының ПБ командасы алды. "Үздік ойыншы" номинациясы Ринат Жарылғасыновқа бұйырса, "Үздік байланыстырушы" атағын Мирас Рашидұлы, "Үздік шабуылшы" марапатын Данияр Ынтымақбаев алды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен, медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив