KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
488.11 530.09 5.01

Ойын құрылғысын жалға алып, қайтармай кеткен — Өскемен

Фото: pexels.com

22.11.2023, 11:07 151

  Өскемен қаласының тәртіп сақшылары ойын консолін иемденіп алып, иесіне қайтармай кетті деген күдікке ілінген азаматты анықтады.

  Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөліміне 19 жастағы азамат хабарласып, оның "Sony PS4" ойын консолін белгісіз жігіт жалға алып, мерзімінде қайтармай кеткенін айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шығынның көлемі 530 мың теңгені құраған екен.

— Жедел уәкілдер жүргізілген іздестіру іс-шараларының барысында бұрын сотталған 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның ең жоғарғы санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, — деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.
 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив