KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған бірегей алаң пайда болуы мүмкін

inbusiness.kz

25.11.2023, 12:15 138 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының мүшелері «Самара ауылшаруашылық өңірлік ақпараттық жүйесі» («Самара – АРИС») қосымша кәсіптік білім беру мемлекеттік бюджеттік мекемесінде болып қайтты.

Мекеме тек кеңес беру ғана емес, білім беру қызметін де атқарады. «Самара – АРИС» 2015 жылдан бастап басшыларды, бас мамандарды, орта буын мамандарын және бұқаралық кәсіптер мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Мұнда тұрақты негізде ауылдағы барлық меншік нысанындағы тауар өндірушілерге агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдаудың түрлері мен шарттары бойынша ақпараттық-кеңес беру, тиімді технологияларды енгізу бойынша кең ауқымды қызметтер көрсетеді. Мәселен, мал шаруашылығы, астық өндіру, жем-шөп өндіру, жем дайындау, көкөніс, картоп, бау-бақша өсіру технологиялары және ауылдық жерлерде шаруашылықтың шағын түрлерін дамыту сынды, - дейді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова.

Сондай-ақ, басқарма басшысы бұл мекеменің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамытудың ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалары мен бизнес-жоспарларын әзірлеп жатқанын да атап өтті. Мұнда ауыл шаруашылығы өндірісін, озық, инновациялық бағдарланған агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар базасындағы тәжірибелік-демонстрациялық алаңдарды әртараптандыру мәселелері зерделенеді.

- «Самара – АРИС» - ауыл өндірушілері үшін ыңғайлы және қолжетімді алаң, Қазақстанда мұндай алаң жоқ. Шығыс Қазақстан облысында осындай алаң құру мүмкіндігін қарастыруға болады деп ойлаймыз, - деді Ажар Қажыбекова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу