KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Хобби ретінде қосымша білім алу жөнінен қай өңір тұрғындары алда?

7.05.2019, 04:51 219

Ranking сарапшылары хобби ретінде қосымша білім алу жөнінен қай өңір тұрғындары алда екенін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Сөз басында айта кетейік, 2018 жылы білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 2 триллион теңге болды. Оның 10%-ға жуығы - қосымша білім беру қызметтері: спорт, өнер, көлік түрлері секциялары.

 

Сонымен сарапшылардың мәліметінше, спорт бойынша білім беру мен бос уақытты тиімді өткізу, спорт саласы мамандарын даярлау қызметін көрсету (футбол, баскетбол, гимнастика, жүзу, атқа міну, ұрыс жекпе-жегі, йога секциялары, тағы басқа) жөнінен Жамбыл (1,3 миллиард теңге), Шымкент (1,2 миллиард теңге) және Қарағанды облысы (1,2 миллиард теңге) үздік үштікке енеді.

 

Мәдениет саласындағы секциялар қызметінің көлемі жөнінен Нұр-Сұлтан (1,2 миллиард теңге), Қарағанды (1,1 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (580,5 миллион теңге) алда. Бұл саладағы білім беру қызметіне өнер, драма, музыка бойынша дәрістер кіреді.

 

Су, әуе және басқа да көлік түрлерін басқару жөнінде қосымша білім беру мектептерінің қызметін Жамбыл облысы (649,8 миллион теңге), Қарағанды облысы (484,3 миллион теңге) және Ақмола облысы (89,7 миллион теңге) тұрғындары көп пайдаланатын болып шықты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу