KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Катонқарағай ұлттық паркі 160 мың шырша отырғызды

29.11.2023, 22:44 773 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыстың байлығы – Алтайдың көркем табиғаты. Осы бір тамаша табиғатқа Катонқарағай ұлттық паркі қамқорлық танытып келеді.

 

Табиғат жанашырлары жыл бойы атқарылған жұмыстарының нәтижесін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап, жұртқа есеп берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Биылғы жыл ел көлемінде өрт қаупі жоғары болды. Соған қарамастан 2023 Катонқарағай Ұлттық паркіне қарасты аумақта кішігірім 25 орман өрті тіркеліп, дер кезінде шара қолданылған.

 

– Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға бағытталған шаралар аясында Катонқарағай ұлттық паркі биылғы жылы 2 бірлік күзет машинасын, 2 бірлік өрт сөндіру автокөлігін, 1 бірлік УАЗ автокөлігі базасындағы кіші өрт сөндіру кешенін, 2 бірлік МТЗ доңғалақты тракторын сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 4 бірлік доңғалақты трактор сатып алу жоспарланып отыр. Техникалардың көбеюі өртке және орман шаруашылығы шараларын атқаруға ғана емес, сонымен қатар ауылдардағы жергілікті тұрғындарға әртүрлі қызмет көрсетуде, – деп жазды Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

 

Орманды қорғап ғана қоймай, Президенттің Жолдауында көрсетілген орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасын орындау аясында 160 мың дана шырша көшеттерін отырғызды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу