KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
484.11 528.79 5.03

ШҚО-мен туризм саласында бірегей жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз - Қытай елшісі

9.12.2023, 18:09 1 018 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар логистика, туризм, медицина салаларындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Екі мемлекет басшыларының арасындағы достық қарым-қатынас Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың артуына ықпал етері сөзсіз. Қазіргі әлем елдері арасындағы тұрақсыздық заманында ол өте маңызды. Біз қытайлық серіктестермен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттіміз, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Шығысқазақстандық тарап қытайлық серіктестеріне туризм, медицина, суармалы егіншілік, омарта және марал шаруашылығында табысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар білдірді.

 

Атап айтқанда, кеден қоймаларын орналастыру мүмкіндігі мен трансшекаралық ынтымақтастықты арттыру.

- Логистика - Қытайдың басым бағыттарының бірі. Біз ауыл шаруашылығы мен туризм саласында бірегей жобаларды жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз. Ол үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз, - деп атап өтті ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Ал бүгін облыс әкімі, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі және ҚР ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Лу Бань шеберханасының ашылу салтанаты өтті.

 

Аталмыш шеберхана студенттерге Қытайдың заманауи жабдықтарын пайдалана отырып, автомобиль технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді және болашақта білікті инженерлер дайындап шығаруға ықпал етеді.

 

Кездесу қорытындысында аймақ басшысы Қытай елшісінің сапары өңірдегі түрлі саланың одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдіретінін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив